Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Депутат: Қазақстандықтардың басты проблемасы – қымбатшылық
Саясат

Депутат: Қазақстандықтардың басты проблемасы – қымбатшылық

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 26.04.2023
Обновлено 26.04.2023 в 03:04
Поделиться
Поделиться

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсіп, халықты қымбатшылық қысып жатыр. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев қымбатшылық мәселесін көтерді.

Елнұр Бейсенбаев депутаттық сауалын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Иргалиевке жолдады.

Маған «Өтірікті сендіріп айтудың өзі өнер» деген сөзді Статистика бюросы тура мағынасында түсінетіндей көрінеді. Олардың ресми мәліметін оқысаң, Қазақстанда орташа жалақы Еуропаны өкшелеп қалған, ал жұмыссыздық көрсеткіші бойынша Скандинавия елдерінен еш кем түспейміз.

Дәл қазір қазақстандықтардың ең басты проблемасы – азық-түлік бағасының шарықтауы. Қымбатшылық қарапайым халықты алқымдап тұр. Бірақ Ұлттық статистика бюросы 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1000 теңгенің көлемінде дейді.

Статистика бюросының мәліметінше, биыл наурызда азық-түлік бағасы шамамен 21%-ға өсіпті. Шындығында, мәселе одан әрі ушығып тұр, — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың айутынша, AMANAT партиясының өкілдері жуырда Қазақстан бойынша азық-түлік бағасына мониторинг жүргізген.

Нәтижесінде, пияздың бағасы 350 теңге, қияр мен қызанақ – 1600 теңге, ал жұмыртқаның бағасы 600 теңге, яғни 1,5-2 есеге дейін 70-100%-ға бағаның шарықтағаны байқалады.

Біріншіден, қазір дүкенге баруға қорқасың, баға күн санап өсіп жатыр. Мысалы, 3 адамнан тұратын отбасы бір апталық тамағына ең кемі 40-50 мың теңгенің арасында ақша жұмсайды. Әлеуметтік жағдайы қиын, көпбалалы отбасылар туралы айтуға қысыласың, — деді ол.

Депутат жалақыға қатысты ресми мәліметтерге де күмән келтірлі: Қазақстандағы орташа жалақы 339 мың теңге болса, халықтың жан басына шаққандағы табысы – 166 мың теңге.

Шынын айту керек, бұл цифрларға қарапайым халық сенбейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңге болатын қоғамда, орташа жалақының одан 5 есеге көп болуы мүмкін емес.

Оған қоса, осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы халқымыздың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайтындығын көрсеткен болатын, яғни инфляцияның өсуі, экономикалық рисктердің артуы жағдайында аталған кедей халықтың табысы күрт артты дегенге ешкім сенбейді,

деді Елнұр Бейсенбаев.

Үшіншіден, соңғы 3 жыл бойы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халықтың небәрі 4,9%, яғни 450 мың адам жұмыссыз деген мәлімет берген. 

Қазақстанда жұмыссыздар статистикасы тек халықты жұмыспен қамту орталықтарына арнайы өтініш бергендердің есебінен жүргізітені анық. Сондықтан жұмыссыздардың көбі есептен тасада қалып қояды.

Ресми дерек бойынша жастар арасындағы жұмыссыздардың саны шамамен 80 мың адам. Шындығына келсек, осы топтадағы жұмыс істемейтін, тіпті оқымайтын NEET жастардың саны 380 мыңды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтитын, яғни тұрақты табысы жоқ жастардың саны 300 мыңнан асады. Сонда тек жас азаматтардың кемі 750 мыңы жұмыссыздар қатарында. Бұл ресми статистикалық көрсеткіштен 10 есеге көп.

Мен жоғарыда ел білетін үш бағыт бойынша мысалдар келтірдім. Ал негізінде, экономикалық өсім, өндірістің дамуы, тұрғын-үйлердің салынуы, ауыл шаруашылығынан өнім алу сияқты көрсеткіштер бойынша сұрақтар асып жығылады, — деді депутат.

Елнұр Бейсенбаевтың пікірінше, статистика – елдегі нақты ақпарат пен шынайы көрсеткіштердің бет-бейнесі болуға тиіс.

Дегенмен, Үкімет тарапынан қабылданған шешімдердің әлсіздігі, көбінде қате мәліметтерге сүйенудің негізінде болып отыр. Ұлттық бюро жүргізетін статистика барынша шынайы, халықтың әлеуетін ашық көрсетуге тиіс. Сонда ғана қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, табысын арттыру мүмкін болады. Осы ретте, біз нақты ақпарат берудің жаңа, әділ ережесін қалыптастыруымыз қажет,

деп сөзін түйіндеді ол.
Анара Бауыржанқызы 26.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қырғыз бен тәжік соғысты доғаратын «тарихи келісімге» келді

04.10.2023
СаясатҚоғам

50 мың қол жиналса үкімет қарайды: Тоқаев петициялар туралы заңға қол қойды

03.10.2023
СпортСаясат

Ерболат Досаев алматылықтармен бірге жүгірді

02.10.2023
Саясат

Канцлерге қараған қазақ. Берлиннен ұшқан Airbus

02.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?