Елде 2 миллионнан астам адамның жалпы құны 1,5 трлн теңге ипотекалық несиесі бар.
Халық тіпті оны жабу үшін де несие алатын көрінеді.Нәтижесінде мемлекет бірнеше рет несиелік рақымшылық жасап, несие шұңқырына түскен адамдарды қарыздан шығаруға мәжбүр болды.
Депутаттар мұның экономикаға айтарлықтай қауіп төндіретінін айтып, реттеу керек дейді.
Соңғы жылдары заңды тұлғаларға берілетін несие азайып келеді, бірақ бір жарым жыл ішінде тұтынушылық қарыздар саны екі есеге өсті. Бұл қаржы жүйесі үшін тәуекелдердің өсуіне, сондай-ақ халықтың шамадан тыс несиеленуіне әкелді.
ZTB-ның жазуынша, олар қарыз төлеу мерзімі 90 күннен асатын борышкерлер мен кірістері растаған тұлғаларға несие бермеуді, қарыз алушылардың жасын 21 жасқа дейін шектеуді ұсынған.
Бұған қатысты сіз не дейсіз?