Мәжіліс депутаты Танашева Гауһар елімізде көп балалы ата-аналардың жағдайы мәз емес екенін ескере отырып, оларға берілетін жәрдемақы мөлшерін көбейтуді ұсынды.
«Көп балалы отбасылардың басым бөлігі жалға берілген пәтерлерде тұрады. Тіпті олар үшін пәтер рәсімдеудің қолжетімді шарттары қарастырылмаған. Мұндай отбасылар мемлекеттің қандай қолдауына үміт артады? Біз атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау керек деп санаймыз. Бұл жағдайда балаларға берілетін жәрдемақы мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төленген дұрыс. Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде, әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз», — деді депутат.