2022 жылғы 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шықты.
«Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Д-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды
делінген хабарламада.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев қаңтар қырғыныи кезінде Алматыда ұсталған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы — жаппай тәртіпсіздікке қатысу, атыс қаруын заңсыз алу, ауыр зардаптарға әкеп соққан заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша тергеліп жатыр.