Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да «Режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясын алғаны белгілі болған еді.
Айта кетейік, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.