Димаш Құдайберген Канело-Головкин трилогиясында Қазақстанның әнұранын орындап, жанкүйерлер санын тағы бірнешеге арттырды. Оған қоса бүкіл әлемді Қазақстан әрұранына ғашық етті.
Twitter әлеуметтік желісін қолданушылар жер-жерден Димашты мақтап, орындаушының шеберлігіне, әнұранның әуезділігіне тәнті болғанын жазып жатыр.
Мексика, кешір, бірақ Қазақстанда әнұранның ең үздік орындаушысы болды.
Қазақстанда мұндай тамаша Мемлекеттік Әнұран бар деп ойламаппын.
Қазақстанның әнұранын плейлистіме қосып, қайта-қайта тыңдай бермекпін.
Вау, Қазақстанның әнұраны бұрыннан осындай ма?
Қазақстан әнұранын орындаушы — супержұлдыз!
Бұл жекпе-жектегі нағыз жеңімпаз — Қазақстан әнұранын орындаған жігіт.
Қазақстан әнұраны туралы аңыздар жүріп жатыр.
Қазақстан әнұранын орындаған жігіт барлық шоуды өзіне тартып алды.
Ок, Қазақстан әнұранын орындаушы басты рөлде болды.
Қазақстан әнұраны жекпе-жектің ең үздік бөлігі болды.
Мына Қазақстанның әнұраны кірпіш қабырғадан өткізіп жіберетіндей.
Не десеңдер, о деңдер, бірақ меніңше Қазақстанның туы мен әнұраны әлемдегі ең үздігі.
Қазақстанның әнұранын кім орындаса да ол — аңыз, бұл керемет әдемі әрі жарқын болды!
Қазақстанның ұлттық әнұранына ие болу үшін Қазақстанға басып кіруіміз керек.
Мен Қазақстаннан болмасам да Қазақстан әнұранын орындаған жігіт тіпті мені де шабыттандырды.
Қазақстан әнұраны мені күресуге итермелейді!
Қазақстан әнұранын орындаушының видеосын іздеу керек болды, себебі өте тамашау орындау болды.
Әдетте мен жекпе-жек алдындағы әнұрандарды ұнатпаушы едім, бірақ мына жігіт бәрін бұзды.
Қазақстан азаматы болғым келіп кетті. Мынау ұлттық әнұран электрленген.