Қытайдың Сиань қаласындағы Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Ақорданың баспасөз қызметі мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың алдында қазақ әншісі Димаш Құдайбергенов өнер көрсеткен.
Ол қытай тілінде ән шырқады.