Атақты әнші Димаш Құдайберген әлемге әйгілі актер Джеки Чанды жаңа кітабының жарыққа шығуымен құттықтады.
Жаңа кітап I am Jackie Chan деп аталады. Әнші кітап мұқабасына есімі жазылғаны үшін Джекиге алғысын білдірген жазбасымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Сүйікті актерімді жаңа кітабының жарық көруімен шын жүректен құттықтағым келеді. Осыдан 6 жыл бұрын дүние жүзіндегі адамдар мен туралы енді ғана біліп жатқанда,мені қолдап,маған бағыт-бағдар көрсеткен алғашқы танымал тұлға болдыңыз. Сіздің «Авангард» фильміңізде басты әнді орындап,сізбен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғаным менің шығармашылығымдағы ең жақсы сәттердің бірі болып қала бермек. Сыйлығыңыз үшін және менің қытайша есімім (Димаси) сіздің кітабыңыздың мұқабасында пайда болғаны үшін алғысым шексіз. Мен үшін бұл үлкен мәртебе,
деді Димаш Құдайберген.