Димаштың әндері Антарктидаға жетті

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash радиостанциясы Антарктидада хабар тарата бастады. Бұл туралы «Эсперанза» ғылыми-зерттеу станциясының қызметкерлері хабарлады.

La Era Dimash радиостанциясының негізін қалаушылар Аргентинада өз радиосын енді ғана іске қосқан кезде қазақстандық әртістің дауысы жер шарының әр түкпірінде естілуін қалады.

Радиостанция алғаш рет эфирге шыққанда біз өзімізді өте бақытты сезіндік. Күн сайын La Era Dimash радиосын тыңдайтын елдердің тізімі көбеюде. Олардың арасында бұрын естімегендері де бар. Енді екі жылдан кейін біздің радио 96 елде хабар таратады,

деді радиостанцияның басшысы Паола Профета.

2022 жылдың 11 қазанында «Эсперанза» зерттеу станциясынан хабар тарататын LRA36 радиосының қызметкерлері (шамамен Антарктика түбегінің қиыр солтүстігінде орналасқан аргентиналық зерттеу станциясы) La Era Dimash-қа қызықты сұхбат берді. Әңгіме барысында Клаудия Альбаррасин, Мария Евгения Родригес, Ромина Забалза және Мариэла Чуркина алыс және суық континенттегі өздерінің қиын, бірақ өте қызықты жұмыстары туралы айтып, La Era Dimash хабар таратуы Антарктидаға жеткенін және қыздар қазақстандық әртістің әндерін тыңдауға мүмкіндік алғанын растады.

Димаштың дауысын алғаш естігенде, біз шынымен таңғалдық. Оның әдемі әндері бар, өте үлкен талант!

деп бөлісті олар.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago