Президенттердің Астанаға сапары несімен есте қалды? — Шолу

Өткен апта саяси оқиғаларға толы болды. Түркия басшысы Реджеп Ердоғанның мемлекеттік сапармен келуі, Астанада өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Орталық Азия – Ресей саммиті, Түркіменстан президентінің мемлекеттік сапары — барлығы Қазақстан азаматтарының назарынан тыс қалмады.

Түркия басшысы Қазақстанға келгеннен кейін Instagram парақшасында «Ата topraklarımızda… («Бабалар жерінде»)» деп жазба қалдырды. Бұл, әрине, қазақ халқының көңіліне майдай жақты. Себебі, қазақ аудиториясы көрші Ресей мен Қытайдан гөрі, бауырлас түріктердің ықыласында болып, қолдауына ие болуды жөн көреді.

Ал Реджеп Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанды Динара Сәтжан күтіп алып, қазақстандық дизайнерлер мен олардың туындыларын орыс тілінде таныстыруы қазақ аудиториясына ұнамады. Мұндай деңгейдегі қонақпен әңгімені түрік тіліне туыс қазақ тілінде жүргізгенде, тіпті аудармашының да қажеті болмас еді десті жұрт.

Владимир Путинді Астанадағы әуежайда премьер-министр Әлихан Смаиловтың күтіп алғаны және олардың қол алысып амандаспағаны жұрттың талқысына түсті. Путиннің қол алысып амандаспайтындығына коронавирустен қорқатыны себеп десе, бірі Украинада соғыс басталғалы бері ешкіммен қол алысып амандаспайтын болған деп болжам жасады. Бірі неге Тоқаевтың өзі емес, премьер-министр қарсы алған деп таңданысты.

Жалпы Ресей басшысының Астанаға келуін көпшілік қолдамады. Басқа дамыған елдер Путиннен ат тоңын ала қашып жатқанда, еліміздің оны қонаққа шақырып, территориялық тұтастық туралы сөйлеуіне жол беруі дұрыс емес деді. Алайда, Путин келді, айтар сөзін айтты. Саммитте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Владимир Путиннен Орталық Азия елдеріне бұрынғы Кеңес Одағындағыдай саясат жүргізбеуін сұрағаны көпшіліктің қолдауына ие болды.

Белорусь президенті Александр Лукашенко Астанаға сапары барысында досы, бұрынғы әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығып, амандасып кетуін БАҚ қалдырмай жазды. Көпшілік екі тұлғаның кездесуін «Диктаторлар кездесу» деп сипаттады.

Өткен аптада жұрт талқысына түскен басқа да тақырыптар туралы айтар болсақ, саясаткер Әміржан Қосановтың биылғы кезектен тыс президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы жаңалықты көпшілік мысқылмен қабылдады. «Сайлаудың өзі күлкілі сипат алып бара жатыр. Ел ызалы, әбден ашынған, таусылған. Осының бәрі бір күнде бұрқ ете қалуы мүмкін», деп жазды Қосанов. Жұрт оның мәлімдемесіне қатысты түрлі әзіл-оспақ пікірлер жазды.

«Мен қатыспай-ақ күлкілі сипат алып отыр, мен қатыссам, халық жатып алыр күлер» десеңізші», «Осыған бір жақсы кинодан рөл беру керек», «Сен осы ештеңе айтпашы, клоун», «Қосанып деген ол бір группа ашып, бәрін жинап, өзі группадан «покинул» болып кететін адам»,

деп жазды оқырмандар.

Facebook желісінде Тараз қаласындағы бір мектептің сынып жетекшілеріне әрбір ата-анаға күнде кешке телефон соғып, балаларына «Еркелету сағатын» өткізді ме, біліп отырыңдар деп тапсырма берілгені туралы ақпарат қызу талқыға түсті.

«Бізге келген хат бойынша, біз ата-аналарға күнде кешке телефон соғып, «Еркелету сағатын» өткізді ма, жоқ па біліп отырыңдар деп тапсырма берілді. Онысымен қоса, еркелету сәтінен фото, видео күн сайын жіберіп отырсын деп жатыр. Айтыңыздаршы, осы қаншалықты дұрыс? Өз ойым, бұл адамның жеке өміріне араласу, мәдениетсіздік, ақылға сыймайтын нәрсе. Кешкі сағат 20.00-21.00 — мұғалімнің жұмыс уақыты емес! Және ата-аналар да бізге балаларын еркелетіп жатқаны туралы есеп беріп отыруға міндетті емес. Сіздер қалай ойлайсыздар?»,

деді жазбаның авторы.

Көпшілік бұл ережені мұғалімдерді мазақ ету деп қабылдады. «Онсыз да мұғалімдерді сайлау кампанияларына қатыстырып, түрлі мемлекеттік шараларға араластырып келеді. Енді, міне, ата-ана мен бала арасындағы тәрбиелік жұмысты да реттеуге шақырып жатыр. Бұл мұғалімге түсетін қосымша жүктеме. Мұғалімнің де өз отбасы, өз балалары бар, жұмыстан тыс уақытта бала өзгенің емес, өз балаларымен айналысуы керек», — деген пікірлер айтты қолданушылар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

19 минут ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago