Шымкентте діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатқан 40 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153150 теңге көлемінде айыппұл салынды.