Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спорттық карьерасын аяқтады. Спортшы 27 жаста.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және Ұлттық құраманың бас бапкері Илья Гусаковпен кездесті.
Естеріңізде болса, Дмитрий Баландин спорттағы карьерасын аяқтап, бапкерлікке бет бұрған еді,
деп жазды Самат Ерғалиев.
Комитет төрағасы Дмитрий Баландин дайындаған жас спортшылардан әлі талай чемпиондар шығатынына сенетінін айтты.
Барлық спортшы өзің секілді Олимпиада шыңын бағындырғаннан кейін спорттан алыстамай, сол саланың дамуына үлес қосуы керек. Сенің бапкер болуға деген ниетіңді ел спортына деген жанашырлығың деп білемін. Біз өз тарапымыздан қашан да қолдауға дайынбыз,
деп жазды комитет төрағасы.
Айта кетейіқ, Дмитрий Баландин 2016 жылы Рио Олимпиадасында жүзу спортында құрама қоржынына алтын медаль салған еді. Ал 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында 3 дистанцияда чемпион болды.