Ресейдің бұрынғы президенті, қазір Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев РИА-ға берген сұхбатында өзінің ВКонтактедегі парақшасы бұзылғанын айтып өтті.
Бұзақылардың мұндай әрекет жасауы бірінші рет емес. Кезінде мен Үкімет төрағасы қызметін атқарған кезде де осындай шабуылдарға тап болдым. Ол кездеде дәл осы біз айтып отырған ақпараттық соғыс жайлы болған,
деді Медведев.
Ол әлеуметтік желі басшылығы мен құзыретті қызметкерлер міндетті түрде тексеру жүргізетініне сенетінін айтты.
Мұндай істің айқын және қарапайым әдістері белгілі: адамның атынан көрші елдер туралы өткір немесе жалған ақпаратты көпшілікке тарату, Ресей өздері бәрін әдейі жасады, одақтастарға үндеу жіберді, содан кейін дипломатиялық жолмен қырылды, міне олардың агрессивті жоспарлары деп көрсетуі әбден мүмкін,
деп сөзін толықтырды Медведев.
Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасарының сөзінше, олар мұндай әркетке ешқашан бармаған екен.
Біз көрші әріптес елдермен тікелей және ашық сөйлесеміз. Арандатушылар біздің арамызға іріткі сала алмайды. Біз ресми декларациялар бойынша ғана емес, іс жүзінде, елдеріміз бен халықтарымыздың мүдделерін қозғайтын күнделікті мәселелерді шешуде одақтастармыз. Алдағы уақытта да осылай болатынын нық сеніммен айта аламын,
деді Ресейдің бұрынғы президенті.
Айта кетейік, жақында Медведевтің ВК желісі бұзылып, онда Қазақстанды «жасанды мемлекет», ал Солтүстік Қазақстанның аумағы Ресейдің жері деген жазбалар пайда болды. Бірақ аталған жазба артынша өшіріліп, ал Медведевтің көмекшісі парақшаның бұзылғанын хабарлаған болатын.