Сурет: Блокнот Россия
Украина басшысы Зеленскийдің Донбастағы арнайы операцияға барлық ресейлік жауап беруі тиіс деген сөзі Адольф Гитлердің идеяларына ұқсас деп мәлімдеді Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев өзінің Telegram каналында. Ол Украина президентіне деген кезекті рет жеккөрінішін білдіріп, оны «басты украиндық клоун» деп атады және Зеленскийдің сөзін бағып жүргендерге Украина билігінің табиғатына назар аударуға шақырды.
Соңғы рет бүкіл халыққа қатысты осындай идеяларды Адольф Гитлер жүзеге асыруға тырысқан еді. Украина билігінің табиғаты туралы тағы сұрақтарыңыз бар ма?
деп Медведев риторикалық сұрақ қойды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерін ресейліктерді өз территориясына кіруіне тыйым салуға шақырды. Украина басшысы ресейліктерді оқшаулау керек деп есептейді — «олар философиясын өзгерткенше өз әлемінде өмір сүруі керек». Оның пікірінше, ресейліктердің барлығы осындай басшы таңдағаны үшін және оның саясатына қарсы шықпағаны үшін «жауапқа тартылуы керек» деп санайды.
Эстония СІМ Урмас Рейнсалу бұған дейін осыған ұқсас ұсыныс жасаған: Ресейге қарсы санкциялардың келесі пакетінің «мазмұны» ретінде ресейліктерге ЕО-ға кіру визаларына тыйым салу.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…