Доллар құны түсіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,20 теңгеге арзандап 478,78 теңге болды.
Ұлттық банк 28 шілдедегі ресми доллар бағамы 480,16 теңге деп бекіткен еді.
Kurs.kz мәліметі бойынша, қазір Алматыдағы айырбастау пункттарында доллардың орташа сатып алу бағамы 478,88 теңге, сату бағамы 483,15 теңге болып тұр. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 477,45 теңгеге сатып алып, 480,54 теңгеге сатып жатыр.
Айта кетейік, 27 шілдеде доллар бағамы 480,16 теңгеге дейін өскен еді.