АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп өз еліне қауіп төніп тұрғанын айтып, мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, АҚШ-та тәртіпсіздік билік етіп жатыр.
«Біздің экономикамыз құлдырауда. Ал инфляция бақылаудан шықты. Ресей Қытаймен одақтасты, бұл тіпті ақылға сыймайды. Біздің валютамыз құлдырауда және жақын арада әлемдік стандарт болуын тоқтатпақ.
Бұл біздің 200 жылдағы ең үлкен жеңілісіміз болады. Бірнеше жыл бұрын мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес еді. Бірақ бұл сіздердің көз алдарыңызда орын алып жатыр. Біз құлдырап бара жатқан ұлтпыз, құлдырау үстіндеміз»,- деді Трамп.
Сонымен қатар, ол радикалды солшылдар елдегі сайлауға құқық қорғау органдарының көмегімен араласқысы келіп отырғанын және оған жол бермейтінін айтты.