АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп және оның үш баласына қатысты Нью-Йорктің бас прокуратурасы алаяқтық бойынша іс қозғады.
Прокуратура 2011 жылдан 2021 жылға дейін «Трамп ұйымы» деп аталатын көптеген алаяқтық әрекеттер жасады деп санайды, деп хабарлайды Rýhy ВВС порталы.
Бұл үшін Нью-Йорктің бас прокуроры Летиция Джеймс Трамп пен оның балаларына Нью-Йорктің кез келген компаниясында жауапты қызметкерлер немесе директорлар лауазымына орналасуға тыйым салуды талап етті.
Сондай-ақ Летиция Джеймс баспасөз мәслихатында Трамп және оның балалары заңсыз байыды және өз капиталын миллиардтаған долларға көбейтті деп мәлімдеді. Ал экс-президент өзіне және отбасына тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Летиция сонымен бірге «Трамп ұйымдарына» болашақта Нью-Йорк штатында жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға тыйым салуды көздейді.
Ол бұл істі федералды прокурорлар мен АҚШ салық қызметі қарайтынын айтты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…