Жақында сұмдық оқиға болды. Алматыдағы Орталық ауруханасынан бес науқас ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Оны денсаулық сақтау министрлігі растады.
Негізі Досаевтың репутациясы мықты емес. Кезінде, 2006 жылы Ерболат Досаев денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 133 бала мен 17 ана ВИЧ жұқтырып, 9 бала қайтыс болған еді.
Ол кезде өз кінәсін мойындағандар сотталды. Отставкаға кетті. Ал Ерболат Досаев жұмыстан кетпеймін дейді. Ешкімді қумаймын деді. Комиссия қорытындысын күтейік дейді. Өзін кінәсіз санап, сол орталықтың қызметкерлері немқұрайлылық танытты дейді.
17 жыл болды ғой, менің жауапкершілігімді сөз қылып жүргендеріңе. Мен басшы ретінде мойныма үлкен жауапкершілікті сол 2006 жылы алғанмын. Мен өзімді білікті маман ретінде көрсете білдім,
деп ойлайды екен басшы.
Айтуынша, жұмыс қарқынды жасалып жатқан көрінеді. Бақылау күшейтілген. 30 күн ішінде реанимациялық көмек көрсету кезінде 2 жағдай анықталды. ЖИТС орталығы тиісті шараларды қабылдады. Құжаттар министрлікке жолданды.
Қалада ВИЧ жұқтырғандар саны күрт артқан. Олардың 82 пайызы жыныстық жолмен берілген. Қалғаны есірткі қолдану арқылы жұқтырған.
Ерболат Досаев Алматы әкімі болғанына 1 жыл 5 ай болды.
Мен үшін бұл аз уақыт. Мен туған қаламды басқарып отырғандықтан, жаңа өзгерістер жасау менің міндетім. Қазір жобалар жетерлік, осыны жалғастырғым келеді.