Бұған дейін Telegram арналарда Гүлнәр Досаеваға «РТС ДЕКО» АҚ компаниясының 15 % үлесі тиесілі екені жазылған. Компания жарнама қызметтерін ұсынумен айналысады.
Компанияның құрылғанына көп болды. Негізгі серіктестері әлемдік жарнама нарығының көшбасшысы — JCDecaux Asie Holding. Ал қалғаны төрт құрылтайшыға тиесілі.
Мен Алматыға әкім болып келген соң, бұл мәселе көтерілетінін түсіндім. Былтырғы жылдың желтоқсанында менің әйелім Гүлнәр мен Гауһар Қаппарова 15 компанияның 15 пайыз акциясын басқа жекеменшік серіктестерге сатты,
дейді Ерболат Досаев.
Сондықтан ол былтырғы жылдың желтоқсанынан бері өзі жарнама нарығына қатысы жоқ екенін айтты.