Биыл Қазақстан кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін 5 796 шағын несие беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Несиелер жылдық 2,5%-дан беріледі. Алу үшін 21 жастан 35 жас аралығында болу керек (өтінім берген кезде) және 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде қолданыстағы тіркеуі болуы керек. Сондай-ақ, кепілге қоятын мүлкі болуы тиіс. Кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн. теңгеге дейін болуы мүмкін. Қайтарудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа) 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Бұл ретте қайтару кезеңінің бір бөлігі (жалпы ұзақтығының үштен бірінен аспайтын) жеңілдікті болады.
Қажетті құжаттар пакеті:
— жеке басын куәландыратын құжат;
— жоба бойынша бизнес-жоспар;
— шоты бар туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
— кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
— қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат
(жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған жағдайда;
— кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
— кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Жеңілдікті кредиттеуді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ қамтамасыз етеді.