Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасы тобында жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
22 қыркүйекте Астанада өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.
Қарсыластар қақпасына бірінші голды Михаил Габышев салып, Қазақстан құрамасы есеп ашты. Ойынның 79-минутында Бахтиер Зейнутдинов тағы да гол соғып, құрама жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет Беларусь құрамасын жеңді және В дивизионына шықты.
Ойыннан соң Қазақстан құрамасы киім ауыстыратын бөлмеде жеңісіне қалай қуанғанын көрсетті.
Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасы жеңісіне құтты болсын айтты.
Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!
деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-аккаунтында.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қазақстан Бакуде Әзербайжанға қарсы ойнайды.