2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеріледі. Бұл туралы Президент өз жолдауында айтты.
Бұған қатысты саясаттанушы Талғат Қалиев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Егер ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтерілетін болса, онда ол жұмыс істеп жүрген бірталай адамға оң нәтижесін береді. Бірден салықтың мөлшері төмендейтін болады. Жалпы жалақының өсуіне де әсер етеді.
Бұған дейін жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60000 теңгеге өскен кезде айтарлықтай өзгерістер болған еді. Ал енді 85 мың теңгеге жетсек, одан да жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.