Зүлфия Сүлейменова 1990 жылғы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үш тілді еркін меңгерген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтаған. Сосын Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтында оқуын жалғастырған. 2020-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарып, 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. 2022 жылғы наурыздан бастап осы күнге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.
Ең жас министр бір жыл бұрын «Хабар 24» арнасындағы «Модный словарь» бағдарламасына сұхбат берген. Мұнда ол сәнге қатысты сауалдарға жауап беріп, киім таңдағанда неге назар аударатынын айтты. Сондай-ақ өзін су тұтыну мәселесі де қатты алаңдатынын жеткізді.
Мен тері өнімдерін кимеймін, ет жемеймін. Жануарларға адамгершілікпен қарауды — өзімізден бастау керек деп есептеймін. Жануарларға сыналған косметиканы қолданбаймын, зообақтарға, дельфинарийлерге бармаймын. Бұл — менің жеке шешімім.
Ол киім таңдағанда сапалы болуына назар аударатына, оны 5-10 жыл кисе де, формасын жоғалтпауы керек деп санайды.
Ал жұмыстан тыс уақытта Жапонияда не кисем, Қазақстанда да соны киемін. Мені су тұтыну мәселесі қатты алаңдатады. Себебі бір пиджакты дайындау үшін 12-15 мың литр су жұмсалады.
Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы күндері үкіметтегі ауыс-түйістен басталды. Президент жарлығымен Серікқали Брекешев қызметінен кетіп, оның орнына 32 жастағы Зүлфия Сүлейменова экология министрі болып тағайындалды.