eGov пен ХҚКО жұмысында болған ақау себебі анықталды

3 тамызда Қазақстандықтар eGov порталына кіре алмай қалған еді, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді. Ақаудың себебі анықталды.

Бұл туралы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов мәлімдеді.

Дүйсенбі күні холдингтің директорлар кеңесі жиылып, eGov жұмысында шыққан ақау мәселесі қаралды.

Апат 2 тамыздан 3 тамызға қараған түні деректерді сақтау жүйесіндегі ақаудан басталды. Оны жоюға 32 сағат кетті. Бұлтты инфрақұрылым блогы жетекшісі баяндамасы бойынша, инфрақұрылым қатты тозған және қаржы жетіспейді. Бұл — бұрыннан келе жатқан eGov мәселесі. Инфрақұрылым жаңартылмайынша апаттың болары анық еді, болашақта да бұл апаттардың қайталанатыны сөзсіз,

деп жазды Арман Әбдірәсілов Facebook-парақшасында.

Ол реттеушіге мәселе туралы бірнеше рет хабарланғанын, бірақ шешім қабылданбағанын да айтты. Оның үстіне, былтыр іске қосылған резервтік алаң жобасын қаржыландыру биыл секвестрленді. Бұл жоба жүйенің 25%-ін резервтейтін еді.

Ақыр соңында, апат e-Gov үшін жауапты төраға орынбасары басқаратын барлық жүйені және төрағаның ДМБ және инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі орынбасары жауап беретін барлық мемлекеттік дерекқор жұмысын тоқтатты.

Деректердің жоғалуын болдырмаудың өзі — керемет сәттілік,

деді «Зерде» басшысы.

Арман Әбдірәсіловтің айтуынша, апат себебі объективті:

  • жабдықтардың тозуы;
  • жүктеменің көп болуы;
  • қаржыландырудың жетіспеуі.

Ал жүйенің қалпына ұзақ уақыт келу себептері субъективті:

  • толыққанды резервтік жүйенің болмауы;
  • оқиғалар мен апаттардың бекітілген сценарилері болмауы.

Холдингтің директорлар кеңесі тыңдалымы нәтижесі бойынша мынадай шешім шығарылды:

  • Басқарма төрағасына және төрағаның инфрақұрылымдық блок бойынша орынбасарына сөгіс жарияланды.
  • ДМБ және инвестициялық жобаларды қолдауға жауапты төраға орынбасарына ескерту берілді.
  • Басқарманы күшейту үшін eGov блогы бойынша төраға орынбасары өкілеттігін тоқтатып, осы лауазымға Дмитрий Васильевич Голобурдты тағайындау туралы шешім қабылданды.

Д.В.Голобурд әр уақытта Цифрлық даму министрлігінің вице-министрі қызметін атқарды. Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік етті.

Сол министрліктегі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы, министрлік жанындағы Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасы, директордың орынбасары қызметтерін істеді.

Арман Әбдірәсіловтың айтуынша, Дмитрий Васильевич Голобурд цифрландыру, байланыс және киберқауіпсіздік саласындағы заңнаманы дамытуға көп үлес қосты. Сонымен қатар, мемлекеттік кешенді жобаларды техникалық жүзеге асыруға тікелей қатысты.

Еске салайық, 3 тамызда eGov.kz порталының, ашық үкімет порталының, eGov mobile қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасының құрамдас бөліктері дұрыс жұмыс істемей қалған еді. Оған қоса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.

4 тамызда eGov пен ХҚКО жұмысы қалпына келді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago