Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov жұмысы бұзылғаннан кейін қалпына келді. Бұл туралы «Ұлттық ақпарат технологиялары» компаниясы хабарлады.
«Ұлттық ақпарат технологиялары» компаниясы қызметкерлері электронды үкімет құрамдас бөліктері жұмысы қалпына келді. Соның ішінде eGov.kz порталы, ашық үкімет порталы, eGov mobile мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік деректер базасы істеп тұр.
Оған қоса, ХҚКО-лардағы, арнайы ХҚКО қызметтер және екінші жеңгейлі банктердегі мемлекеттік қызметтер алуға болады,
делінген хабарламада.
Компания жұмыс бұзылғаны себепті алдағы бірнеше күнде қолданушылардың үлкен ағыны болатынын күтеді.
Еске салайық, 3 тамызда eGov.kz порталының, ашық үкімет порталының, eGov mobile қосымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасының құрамдас бөліктері дұрыс істемей қалған еді. Оған қоса, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.