Цифрлық даму министрлігі eGov жүйесінде пәтерді жалға алудың электрон келісімшартын жасауды ұсынды. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» порталында жалға берушілер үшін электрон келісімшарт жасауды ұсынғанын айтты.
Біз белгілі бір порталдарда, соның ішінде Egov.kz сайтында екі рет шерту арқылы жалға беруші мен жалға алушы арасында жасалатын стандарт келісімшарт жасағымыз келеді,
деді Бағдат Мусин.
Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға РФ азаматтары жаппай ағыла бастады. Соның салдарынан жалға беру бағасы шарықтап, кейбір қазақстандық үй иелері пәтерден қуып жатыр деп шағымданды.