Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > «Екі әйелім бар»: оралдық бизнесменнің өліміне айыпталушы өзін тұтқындамауды сұрады
Басты жаңалықтарОқиға

«Екі әйелім бар»: оралдық бизнесменнің өліміне айыпталушы өзін тұтқындамауды сұрады

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 11.08.2022
Обновлено 11.08.2022 в 04:08
Поделиться
Фото: Медет Медресов
Поделиться

Руслан Қожантаев әйелдерінің бірі жүктіліктің соңғы айында екенін де айтты, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталының тілшісі.

10 тамызда мамандандырылған тергеу соты БҚО полиция департаменті тергеушісінің 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарады.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, күдіктілер 6 тамыз күні «Рахат Лукум» караоке мейрамханасының ғимаратында болып, мекеме иесі Еркін Мұханғалиевпен кездескен. Олардың арасында жанжал туып, Қожантаев жиналмалы пышағын Еркін Мұханғалиевтің мойын және кеуде тұсы сияқты өмірлік маңызды мүшелеріне кем дегенде үш рет сұққан. Осы кезде тура қасында тұрған Амангелді сөмкесінен пышақ алып шыққан. Пышақпен қорқытып, мекеме әкімшілігіне баратын жолды жапқан.

Жанын сақтауға тырысқан Мұханғалиев ашық тұрған терезеден секірмек болған. Осы кезде Қожантаев оның бел аймағын тағы бірнеше рет пышақтаған. Одан әрі жаралы Мұханғалиев орталық стадионға қарама-қарсы тұрған көлік тұрағына қарай жүгірген. Күдіктілер оны қуып жетіп, Амангелді оны жерге құлатып, бірнеше рет тепкілеген. Осы кезде Қожантаев жүгіріп келіп, одан пышақ сұрайды. Амангелді оған пышақ берген. Қожантаев бизнесменді, кем дегенде, тағы алты рет пышақтаған. Мұханғалиев алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қожантаев пен Амангелді қылмыс орнынан қашып кеткен,

деп прокурор Тәжғалиева оқып берді.

Эксперт қорытындысы бойынша, Еркін Мұханғалиев мойын, кеуде, бел аймағының пышақ жарақатынан, сол жақ ұйқы артериясы, оң бүйректің зақымдануынан және маңдай сүйектерінің сынуынан қайтыс болды.

Қожантаев пен Амангелдінің тұрақты табыс көзі жоқ екенін, олардың аса ауыр қылмыс жасағанын, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғанын ескере отырып, олардың жасырынып, объектив тергеуге кедергі келтіруіне, жәбірленушілер мен куәгерлерге қысым көрсетуіне жеткілікті негіз бар. Соттан полиция департаменті тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Қожантаев пен Амангелдіні 2 айға қамауға алуды санкциялауды сұраймын,

деп оқыды мемлекеттік айыптаушы.

Руслан Қожантаев тергеу дәлелдерімен келіспеді. Ол екі әйелі (біреуі жүктіліктің соңғы айында), балалары және үйі бар екенін айтты. Сол себепті соттан өзін 2 айға қамауға алмауды сұрады.

Ал Тұрлан Амангелді сотта Руслан Қожантаевтың қысым көрсеткенін, сол күні қасында болуға мәжбүрлегенін айтты. Айтпақшы, екі айыпталушы да бұрын сотты болмаған.

Судья Исмаилованың санкциясы арқылы Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді екі айға қамауға алынды. Былайша айтсақ, тергеу барысында айыпталушылар қамауда болады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Белгілі бизнесмен Еркін Мұсанғалиев дәмханада екі жігітпен сөйлесіп отырған. Кенет жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұққан. Артынша тағы бірнеше рет сұғады. Кәсіпкер жараланса да терезеден секіріп, қашуға тырысқан. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Бақылау камералары арқылы полицейлер екі күдіктінің кім екенін бірден анықтады. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланды. Олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Uralskweek басылымының хабарлауынша, жәбірленуші мен күдіктілер арасында жұмысқа байланысты келіспеушіліктер туған. Кәсіпкер жұмысшыларға уақтылы жалақы төлемей, көбіне қарыз болып қалған. Ал қылмыс жасады деген күдіктілер оның қол астында жұмыс істеген.

Айыпталушылар 8 тамызда сағат 10:30 шамасында «Көктем» саяжайында ұсталды. Олар екі күн бойы сол жерді паналап жатқан.

Екі айыпталушы да ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы «Кісі өлтіру» бойынша 20 жылдан бастап өмірінің соңына дейін абақтыға қамалуы мүмкін. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Таңшолпан Төлеген 11.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?