Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев Арман Абдоллаға берген сұқбатында өмірде болған екі махаббат оқиғасы туралы айтыпты.
2018 жылы Астанада орын алған оқиға екен.
Жағдайы жақсы жігітке күйеуге шығу –
халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін екі қыздың арманы болған.
Сол арманына тезірек жету үшін қыздар нақты әрекетке көшеді.
Дәлірек айтқанда, өз пайдасы үшін өкілеттігін асыра пайдаланған: ХҚО-ның дерек қорынан Астанада тұратын лайықты жігіттерді тауып алыпты.
Ақшаны көп табатын, басында кредиті жоқ, меншігінде үйі мен қымбат көлігі бар екі жас жігітті таңдаған.
Аты-жөнін біліп алған соң әлеуметтік желідегі парақшаларын тапқан.
Содан кейін әлгілердің қай жерде жиі демалатынын анықтап, танысып алып, ақыры соларға күйеуге тиіпті.
Бірақ кейін қыздарға ХҚО-ның қауіпсіздік қызметі тарапынан сұрақтар туындап, оның арты біраз дау-дамай болды.
Күйеу балалар да өздерінің қалайша күйеу болғанын біліпті. Бірақ «болар іс болды ғой» деп, әйелдерін кешірген сыңайлы.
Енді Қазақстанда "ХҚО-ның дерек қорын сату" деген заңсыз бизнес пайда болып кетпесін.