Екі жақты ойын жүргізуді доғарып, нақты шешім қабылдасын: Қытай өкілі АҚШ делегациясының сапары туралы

Сенатор Эд Марки бастаған конгрессмендер делегациясының Тайваньға сапарын Қытай «отпен ойнау» деп бағалады.

Делегация құрамына 5 адам енген. Олар – негізгі екі америкалық партия өкілдері.

Кездесу барысында тараптар Америка-Тайвань қарым-қатынасын талқылап, қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелелін шешеді деп жоспарланған.

Америка делегациясының Тайваньға баруына қатысты Корей түбегі істері бойынша Қытай өкілі Лю Сяомин пікір білдіріп, мұны «қауіпті қадам» деп атады.

Отпен ойнаған оттан ажал құшады. Біз бұл елдерді «Біртұтас Қытай» принципін берік ұстануға, Тайваньмен байланысты істерді сәйкес түрде шешіп, Қытайдың ішкі мәселесіне араслпауға шақырамыз,

деді ол.

Сяомин АҚШ-ты екі жақты ойын жүргізуді доғарып, нақты шешім қабылдауға шақырды.

Өзге елдің қолдауы тәуелсіздікке алып келмейді. Ал Қытайда ұстап тұру үшін Тайвань мәселесін пайдалану сәтсіздікке алып келеді. Қытайдың ішкі істеріне араласып, Қытайдың бірігуіне кедергі жасағысы келетін кез келген күш пен тұлға 1,4 миллиард қытайлықтан құралған берік әрі ұлы қабырғамен соқтығысады,

деп қосты ол.

Екі күндік сапар кезінде конгрессмендерде Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу, сырты істер саясаты жөніндегі ведомство басшысының банкетіне қатысу және заң шығарушы парламентке бару жоспарланған. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago