Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды.
2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көппәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта берілетін болады. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С.
Жеткізу желілері қатып қалған 59 көппәтерлі тұрғын үйдің 22-інде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр,
делінген хабарламада.
Қазір ЖЭО-да 6 қазандық штаттық режимде жұмыс істейді. 143 көпқабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталды. Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралап, проблеманы шешу үшін тиісті тапсырма беріліп жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.