Таңғы серуен қала тұрғыны үшін нағыз детективке айналды.
Екібастұз қаласының тұрғыны әдеттегідей таңғы сағат 07.00-дн итін серуендету үшін далаға шыққан. Келіншек М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында сыртынан ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқаған. Жүрегі аузына тығылған қала тұрғыны бірден полицейлерді шақыртқан. Өзінде телефоны болмағандықтан, жақын маңдағы автотұрақ қызметкерлерінен сұрапты, деп жазылған polisia.kz сайтында.
Оқиға орнына жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде ер адам кенет орнынан тұрып, жүгіре жөнелген,
дейді департаментте.
Анықталғандай, ол бір күн бұрын алкогольді көп ішіп қойып, үйіне жете алмай қалған соң жерден целлофан тауып алып, үстіне жауып алып, ұйықтап қалған.