Екібастұзда барлық үйдің жертөлесіне жылу берілді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук брифиңте айтты.
Барлық үйдің жылу блоктары салқындатқыш қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Орасан зор жұмыс атқарылды. Кварталішілік желілер, жылу қондырғылары қалпына келтірілді. Қазір көтергіштер мен батареялар жөнделіп жатыр. Өкінішке қарай, кейбір үй КСК жылыту жүйесін дұрыс іске қоспаған, сондықтан көптеген батарея мен көтергіштерді ауыстыруға тура келеді,
деді Олег Крук.
Сонымен бірге Крук Екібастұздағы апаттан зардап шеккендердің шығынын ОАЭК (Орталық – Азиялық Электроэнергетикалық корпорациясы) өтейтінін айтты.
ОАЭК» АҚ бүлінген үйлерге келтірілген шығынды өтейді. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр,
деді Крук.
Жексенбі, 4 желтоқсанда Екібастұзда жүрген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа телефон арқылы қаланың жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою барысы туралы баяндады.
Екібастұзда 689 көпқабатты үй бар. Оның ішіндегі жылусыз қалған 11 үйге кешкі уақытқа дейін жылу беру жоспарланды. Жөндеу-қалпына келтіру қызметіне 500-ге жуық адам жұмылдырылды.