Техногендік апаттың алғашқы күнінде-ақ ауыр науқастарды Павлодарға жеткізуге тура келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.
Енді босанған әйелдерді де облыс орталығына апарады.
Бүгін Екібастұз қаласындағы емдеу мекемелерінің палаталарында ауа температурасы орта есеппен 21-22, кей жерде 24 градус. Апат болған алғашқы күннен бастап ауыр науқастар Павлодар ауруханаларына, оғпсихиатриялық стационардағы науқастар мен жүкті әйелдер эвакуацияланды,
дейді министр.