Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин брифингте Екібастұзда әлі күнге дейін жылусыз отырған 29 жеке үйдің бар екенін мәлімдеді.
Өткен түнде 38-ге жуық жеке тұрғын үй жылусыз қалған. Қазір соның 29-ы жылусыз. 400-ге жуық жұмылдырылған адамдармен жұмыс таңнан кешке дейін жалғасуда,
деді әкім.
Қазіргі кезде жеке меншік секторда жылусыз қалған үйлердің саны үнемі өзгеріп отырады. Себебі күн сайын жаңа өтініштер түседі.
Қазір жылуды реттейтін мамандардың бес тобы үйлерді аралап жүр. Павлодар қаласынан да шақырылды. Олар жылу жүйесін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Бұл жұмыс бірнеше күн, бәлкім, бір апта жүргізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылудың жоқтығына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.