Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
24.09.2023
Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
24.09.2023
Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
22.09.2023
Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
22.09.2023
Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
22.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Екпе мен дін: Ата-аналар екпеден неге бас тартады?
ДінРуханият

Екпе мен дін: Ата-аналар екпеден неге бас тартады?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 15.08.2023
Обновлено 15.08.2023 в 12:08
Поделиться
Поделиться

Вакцина мәселесі қоғамды қақ бөлді. Бірі екпе дұрыс десе, екіншісі «екпе зиян» деп дабыл қағуда.

Түбіріне үңілсек, алғашқы екпе XIX ғасырдың басында шешекке қарсы пайда болғанын аңғарамыз.
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 31 414 ата-ана екпеден бас тартқан.
Көбіне ата-аналар діни наным-сеніміне сүйене отырып, екпеден бас тартады.

Талдап көрейік. Ислам, православие басқа да діндер екпе туралы не дейді?

Екпе туралы алғашқы ақпараттар 700-800 жылдары персид және үнді мәтіндерінде пайда болған. Екпе вариоляция әдісі арқылы жүрген: дені сау адамның терісіне шешекпен ауыратын адамнан алынған материалдың бір бөлігін енгізген. Осылайша қорғаныш пайда болып, аурудың жеңіл өтуіне жағдай жасалған. Вариоляцияны ислам ғалымы Әбу Бәкір Ар-Рази жүргізді.

Қазақстан аумағында өмір сүрген дәрігер әрі ботаник Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы қазақтар 15 ғасырда балаларын қалай еккенін былай деп сипаттайды: балаға сауығып келе жатқан адамның көйлегін кигізген, көйлек арқылы баланың ағзасына аурудың қалдықтары өткен. Осылайша балада иммунитет пайда болған.

Қазақ емшілері бұл жұмысты ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер 1796 жылы екпені ашқанға дейін 300 жыл бұрын ашты.

Ислам дініндегі екпе

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының есептеуінше, ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс. Ислам екпеге түбегейлі қарсы емес.
Шейх Әбд әл-Азиз ибн Бааздың пәтуасына сүйенсек, осындай қорытынды шығаруға болады.
Бұқарадан келген хадисте былай делінген:
«Кімде кім таң атысымен ажуаның 7 данасын жесе, сол күні оны ешбір у не сиқыр ала алмайды».

Ислам діні тазалыққа, денені таза ұстауға шақырады. Бес уақыт намазда бес рет адам жуынып, намазға таза күйінде тұрады.

Шейх Әбд әл-Азиз ибн Бааздың айтуынша, екпенің қосымша эффектісі өлімге әкелер ауруларға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Мысалы, баланы сүндеттеу туралы айтар болсақ, бұл үрдіс те болашақ ер жігіттің таза жүруі үшін жасалады.
Алайда екінші тараптың пікірін де жоққа шығара алмаймыз. Екпенің құрамында нәжіс бар, ол «харам» деген пікір бар. Сол үшін де дінді ұстанатын жандар балаларына екпе салдыруға түбегейлі қарсы.
Ислам діні балық желатинін, балдырдан жасалған агар-агарды, жемістегі пектинді мойындайды. Жануарлардан алынатын желатинге келсек, екпеде ол тазартылып беріледі. ҚМДБ бұған байланысты бөлек пәтуа айтады. «Егер баламасы болмаса, құрамында тыйым салынған заттар бар екпені қолдануға рұқсат етіледі» — делінген.
Егер препараттың зияны пайдасынан көп екені анықталса, ондай адамдарға екпе салынбайды.

Православие не дейді?

Ал православие бойынша екпе – аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алатын мықты құрал.
Коронавирус уақытында екпе мәселесі бүкіл дін өкілінің арасында үлкен мәселеге айналды. «Екпе еккенде QR-код бірге егіледі екен» деген пікір тарады. Бұл пікірдің тарауы бекер емес.
Иоанна Богословтың «Апокалипсисінде» ақыр заман туралы айтылған. Ал дін қызметшісі Виктор Никишовтың сөзінше, екпенің ақырзаманға ешқандай қатысы жоқ.
Православие адамның еркіндігін насихаттайды. Сондықтан да Христің сөзін арқау етіп, балаға екпе салмау – адасқанның ісі.
Никольский собордың протоиерейі Валерий Захаровтың сөзінше, денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығына сүйену керек.

2020 жылы «ауру геномның хромосомасы» бар препарат туралы видео тарады. Бұл да жалған ақпарат.
Статистика бойынша, ұрпақтар жасушасынан жасалған екпе 11 миллион адамның өмірін арашалап, 4,5 миллиард аурудың алдын алған.

Басқа діндер екпе туралы

Иудаизм дінінде адам өміріне қауіп төніп тұрғанда ештеңеге қарамау керек делінеді. Көптеген буддист екпені пайдалануға рұқсат береді.

Өзге елдердегідей Қазақстанда да ата-аналар екпеден негізсіз бас тартуда. Ешқандай дінде «екпеге рұқсат жоқ» деп нақты жазылмаған.

Мейіргүл Оңғарова

Арман Ерғалиев 15.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
  • Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
  • Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
  • Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
  • Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Руханият

Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр

24.09.2023
Білім

Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды

22.09.2023
Дін

Швейцарияда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды

22.09.2023
Дін

«Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті!» Балғынбек Имаш Тоқаевқа үн қатты

21.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?