Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз.
30 сәуірде Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды,
делінеді.
Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғаны 29 сәуір күні кешке белгілі болды. 30 сәуірде Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысының ұсталғанын растады.
Оның алдында, 20 наурызда Бас прокуратураның Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы бойынша жауап алғаны хабарланған болатын.
Тұрғымбаев Ішкі істер министрі болып 2019 жылдың ақпан айында тағайындалып, 2022 жылдың 25 ақпанында қызметінен босатылды.
2022 жылдың 17 тамызына дейін алты айға жуық президенттің кеңесшісі болды, ал 2013 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ РАТС) Аймақтық антитеррорлық құрылымының кеңесшісі ретінде тіркеліп тұрған.