Петропавлда елдің бүтіндігін бұзуды насихаттап, ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Liter.kz.
Қылмыстық іс «телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, адамдар тобы жасаған Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды және мемлекетті ыдыратуды насихаттау» бабы (ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігі) бойынша қаралды.
Сот материалдарына сүйенсек, 2022 жылғы 11 желтоқсанда елімізді Ресейге қосу туралы үндеулерді әйелі мен күйеуі әлеуметтік желідегі «Чат Рулетка» қосымшасында жазып, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын адамға өз пікірлерін ашық білдірген.
Айыптаушылар кінәларын мойындамады. Дегенмен сот олардың кінәсі толық дәлелденді деп деген үкім шығарды. Сот мерзімін ұзартуға негіз жоқ, сондай-ақ жеңілдететін шаралар қарастырылмайды. Күйеуі мен әйелі енді алдағы 5 жылды қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемесінде өткізеді.