Қыстың көзі қырауда адамдар жолда қалып қойып жатады. Жол тазалау, техника шығару, құтқару ісімен «ҚазАвтоЖол» деген мекеме айналысады.
Қысқасы, Қазақстан бойынша 25 000 шақырым жол мамандардың бақылауында болады екен. Тіпті, ел аумағында жылытылған 121 пункт бар дейді.
Олардың басында көлікке арналған жылы тұрақтар мен демалыс орындары ыстық тағаммен қамтамасыз етілген.
Жолда қалғаннан сақтасын, дегенмен тәулік бойы жұмыс істейтін сall-орталық бар. Қиын жағдайға тап бола қалсаңыз, 1403 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Жалпы, ұзақ жолға шығарда күн райына қатысты мәліметпен алдын ала танысып алған дұрыс.
Бас амандығы үшін жазған қаржылық сауат арнасы.