Кейінгі тәулікте Қазақстанда 211 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан (–2 410+ және 179 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 12 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.