Қазақстанда дизель отыны жылына 13%-ке, қысқы отын бірден 31%-ке қымбаттаған. Ал дизель отыны өндірісі бір жылда 10%-ке өскен. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Биыл қаңтар мен қазан аралығында елімізде 4,6 миллион тонна дизель отыны өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 9,7%-ке артық. 2021 жылы елімізде өндіріс 6,6-ке, 5 миллион тоннаға дейін өскен.
Биыл қаңтар мен тамыз аралығының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар дизель отынына сұранысты (ішкі нарықта өткізу және экспорт) былтырғы 97,3-ке қарағанда, 99,3-ке қамтамасыз еткен. Осы кезеңде өндіріс 3,6 миллион тонна болған. Ал бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 7,9-ке артық.
Алайда дизель отынының импорты мен экспорты төмен болған: 23,8 мың тонна (былтырғыдан 3,9 есе аз) және 60,5 мың тонна (былтырғыдан 3,4 есе аз). Ішкі нарықта сатылым 3,6 миллион тонна болған, былтырмен салыстырғанда 10,5%-ке артық.
Биылғы қазанның қорытындысы бойынша дизель отынының бағасы бір жылда 12,5%-ке өскен. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3%-ке арзандаса, ал қысқы отын, керісінше, бірден 30,7%-ке қымбаттаған.
Дизель отыны бағасы Ақтөбе облысында айтарлықтай өскен. Мұнда бір жылда 27,9%-ке көтерілген. Антилидерлер үштігіне Абай (жылына 24,6%) және Шығыс Қазақстан (24,4%) облыстары да кірген. Алматы облысында баға айтарлықтай өспеген, мұнда 0,5 пайыз. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға бұрынғы қалпында қалған. Түркістан облысында дизель отыны 1,8%-ке арзандаған.