2022 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрыққа сәйкес, кешкі білім беру, экстернат түрінде алуға болатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Енді физика-математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, химия техникасы, электротехника, механика және металл өңдеу, өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар мамандықты сырттай оқуға болмайды.
Дегенмен мына мамандықтарды сырттай оқуға алуға рұқсат етіледі:
- кітапханашы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технологиясы;
- технолог, электрик, жылу энергетикасы, электромеханик, металлург және т.б.;
- агроном, бригадир;
- тасымалдауды ұйымдастырушы;
- фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
- спорт жаттықтырушысы;
- цирк, хор, академиялық, халық және эстрада әншілері мен осы саладағы ұстаздар.
Бұйрық 2022 жылғы 25 қазанда күшіне енеді.