Палата отырысында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өзінің депутаттық сауалын жеткізіп, онда еліміздегі дәстүрлі емес исламдық ағымдардың таралу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды КТК.
Бапидің айтуынша, соңғы бірнеше жылда исламның жат ағымдары қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік нормаларға қауіп төндіре бастады – бұл қауіптер күшейіп келеді.
Бұл қауіптер қоғамдық құрылымға нұқсан келтіре бастады, сонымен қатар мемлекеттік тұтастықты сақтауға, ұлттық бірлік дәстүрлеріне, қазақ халқының дамуы мен мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қазақтардың исламдық өмір салтына қатысты мәселелер туғызды.
Мәжіліс депутаты атап өткендей,
халықтың діни сауатының төмендігін пайдаланып, деструктивті діни топтар жалған рухани құндылықтар мен жат дәстүрлерді енгізуге тырысуда. Олардың идеялары еліміздің батыс аймақтарында, сондай-ақ Алматы және Ұлытау өңірлерінде белсенді түрде таралуда. Парламентарийдің айтуынша, радикалды идеяларды жақтаушылар мемлекеттік қызметшілер арасында да, биліктің жоғары деңгейінде де кездеседі.
Бірақ біз сабақ алмадық. Қазір қазақты намаз оқитын қазақ-оқымайтын қазақ, мешітке баратын қазақ-армайтын қазақ, хиджаб киетін қазақ-кимейтін қазақ деп бөліп жардық. Бұған себеп мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат-ағымдардың тайраңдауына жол берілді.
Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жия алмай келеміз. Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз келді. Еліміздің өнер, спорт, ғылым, білім саласындағы есімі елге мәлім тұлғаларымыз, шығармашылық өкілдеріміз дін мәселесіне өте сергек, асқан жауапкершілікпен қарамасақ, бізге қарап бой түзеп келе жатқан мыңдаған жастарымызды адастырамыз.
Дінді жамылып алып, спортшылардың өміріне өз салттарын кіргізіп әлек… Дәстүрге суарылмаған, білімге бағытталмаған дін – ақымақтың қолына ұстатқан қару секілді. Халықты аздыратын осындай шабуылдарға тоқтау, заңмен тыйым салмасақ болмайды,
деді депутат Аманжол Әлтай.