Тағы 15 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жөнінде денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Өлімге әкелген 2 жағдай Астана және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Олар бір жасқа дейінгі балалар, яғни вакцинация жасына жеткен жоқ. Балалардың бірі мерзімінен бұрын дүниеге келген, оған кейін қызылша қосылды.
Елімізде 100 мың адамға 69 ауру жағдайы тіркелген. Жыл басынан бері 13 254 адам қызылша жұқтырған болса, оның 81 пайызы кәмелетке толмаған балалар.
Сондай-ақ, қызылшаның таралуы туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) дайындаған рейтиңде Қазақстан Йемен мен 1,4 млрд халқы бар Үндістаннан кейін үшінші орында.