Қазақстанда жұмыртқаның бағасы жоғарылады. Бл туралы Energyprom.kz хабарлады.
Қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3%-ке, ал жылдық өсімде 14,8%-ке өскен.
Бір айда бағаның ең үлкен өсімі Ұлытау (19,8%), Павлодар (14,7%) және Қызылорда облыстарында (13,6%) тіркелген. Ең төменгі баға Алматы облысында, мұнда 0,4% өскен.
Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2% көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1% өскен. Ал Алматыда баға, керісінше, 4 пайызға төмендеген.
Жыл басынан бері елде 3,8 миллиард жұмыртқа өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5,3 пайызға көп. Өңірлер арасында өндірісте СҚО көш бастап тұр, мұнда 559,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты 96,3% қамтамасыз еткен.
Ал импорт 3,7% болған. Елге жыл басынан бері 130,8 миллион жұмыртқа әкелінген. Сонымен қатар, экспорт 2,2 есеге өсіп, 184,5 миллионға жеткен.