Энергетика министрлігі елдегі жанар-жағармайдың жалпы қоры туралы ресми деректер ұсынды.
АИ-92 бензині – 351 мың тонна. Бұл еліміздің тек 23 күндік қажеттілігін өтеуге жетеді;
АИ-95 — 46 мың тонна (15 күнге жетеді);
Дизельдік отын – 520 мың тонна (29 күнге жетеді).
Ведомство Шымкент пен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлап, “Атырау мұнай өңдеу зауытындағы» апаттық жағдайдан елде жанар-жағармай жетіспеушілігі болмайтынын айтты.