Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа бағасы заңсыз өскен. Бұл туралы Сауда комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа заңда белгіленген 15 проценттік үстемеден артық сатылғанын анықтаған.
Атап айтқанда, «Курочка ряба» ЖШС көтерме сатушысы қазан-қарашада екі құс фабрикасынан 25 миллионнан аса бірінші санаттағы жұмыртқа сатып алған, оның 6 миллионы 25-тен 27%-ке дейін үстеме бағамен сатылған. Өңірлерде анықталған деректер бойынша барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін әкімдіктерге берілген.
Заңнама шеңберінде жұмыс істеу керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке белгіленген сауда үстемесінен аспау керек. Әкімдіктердің назарын тағы да сауда үстемесін бұзу тәжірибесінің жолын кесу қажеттігіне аударамын,
деді Серік Жұманғарин.