Апат болса халықтан ақша жинайды, пандемия болса елден жылу сұрайды.
Ол көмекті кейде «Аманат»партиясы (бұрынғы Нұр Отан) өзінің көмегі ретінде көрсетеді. Коронавирус кезінде сондай болған.
Төтенше жағдай болса болды, халық естеріне түседі. Блогер, журналист, шолақ белсенді біткен қаржы жинағыш. Ол ақшаның қалай пайдаланылып жатқанын бір құдай біледі. Каспийдің скринін салып құтылады.
Кеше, Абай облысындағы өртті алайық. Халық өрттен зардап шеккендерге бес күн ішінде 200 миллион теңге жинады. Қаражаттың бір бөлігі өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға жұмсалды. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына берілді. Халық өзі кедейленіп бара жатса да, қаралы күнде бірлігі жараса кетеді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, барын аямайтын халықпыз ғой.
Ал біздің мемлекет бейшара, тек 7 миллион теңге беруге жарады.
Сол соңғы 8 жылда жағдай жасауға бөлінген 5,3 миллиардтан астам қаражат қайда кетті?
Қаза тапқан жалғыз қыз Жиенбаева Мейрамгүлдің артында екі баласы қалғанын естіген халық 22 сағатта 26 миллион жинап берді. Халық бір-ақ күнде шеше алатын проблеманы, мемлекет 10 жылда шеше алмай отыр.
Сонда билік, мемлекет не істейді? Міндеттері министрді алып тастап, қайта тағайындау ма? Бюджетте ақша жоқ болса немесе оны дұрыс басқара алмаса қызметтерінен кетсін,
деп жазды Есдәулет Қызырбекұлы.
Елден ақша жинауды қою керек.