Электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады.
Бүгін мәжілісмендер заңнамаға жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша түзетулер енгізді. Заң аясында сомакатпен жүк пен жолаушы тасымалдауға болмайды.
Жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады. Жаңа ережеге сәйкес, электрсамокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Ал жаяу жүргіншілер жолында тек 6 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
Электр самокат жүргізушілері жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.
Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Және үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.
Жолдың жүру бөлігіне шығатын жүргізушілерге қойылатын талаптар – авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында енгізілді. Өйткені жол жүрісі қағидаларын білмеу – көлік құралының конструкциясын ескерсек, қиын жағдайға алып келуі мүмкін.