Елена Рыбакина алғаш рет дүниежүзіндегі ең үздік теннисшілерінің ондығына енді. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтиңді жариялады.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетуі нәтижесінде 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.
Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.