Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жариялаған жаңартылған рейтингке сәйкес Рыбакина 1 сатыға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте мұндай сатыға көтерілген емес.
Елена Рыбакинаның алдында әлемдік рейтингте польшалық Ига Швентек пен белоруссиялық Арина Соболенко тұр.
Сондай-ақ Юлия Путинцева 58-ден 51-сатыға жоғарылады.
Жұптық сында чехиялықтар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова, америкалық Джессика Пегула үздік үштікте тұрса, қазақстандық Анна Данилина 25-тен 24-ке шықты.